Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі болды (ВИДЕО)

Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі болды (ВИДЕО)

Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Тәжікстанда 7 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 км қашықтықта Тәжікстан аумағында тіркелген. Энергетикалық класы - 16.0. Магнитудасы - 7.0 MPV. Бағыты ошағынан 37.52° с.е. 73.48° ш.б. жатыр, тереңдігі - 20 км. Ал Алматы мен Шымкент қалаларында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді», - делінген хабарламада.
Әзірге құрбандар туралы мәлімет жоқ.