«AMANAT» партиясы үгіт-насихат жұмыстарымен Ертіс ауданына барды
«AMANAT» партиясы үгіт-насихат жұмыстарымен Ертіс ауданына барды
«AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалынан депутаттыққа кандидаттар Ертарғын Шахман, Сайлау Уразбаев, Қанат Ибрагимовтың сенімді өкілі мен аудандық мәслихатқа кандидаттар сайлауалды үгіт насихатпен Ертіс ауданына барды.
Үміткерлер Ағашорын ауылындағы «Нива» мен «Данат» шаруа қожалықтарының жұмыскерлерімен кездесті. Ауыл тұрғындарын мектепті жөндеу, қазандықтарды жақсарту мен жайылымдардың жетіспеушілігінің мәселелері толғандырады.
Депутаттыққа кандидат Ертарғын Шахман Ағашорын ауылының тұрғындарына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
«Ауылдық жерлерде облыс халқының шамамен 27%-ы тұрады. Біздің күш-жігеріміз облыстың ауыл шаруашылығы секторын қолдауға және дамытуға, ауыл қызметкерлерінің табысын одан әрі арттыруға бағытталатын болады», — деді кандидат.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидиялау көлемін 1,5 есеге, жоғары сапалы тұқым сатып алуға – 1,2 есеге, минералды тыңайтқыштар сатып алуға – 1,4 есеге ұлғайту жөнінде шаралар қолданатын болады.
Ол ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін өткізу үшін, оның ішінде облыс орталығында және аудандарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу арқылы мүмкіндіктерді кеңейтуге жәрдем көрсетуге ниетті екенін айтты.
Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А
Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко
Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
*Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.