«Радуга» ЖШС ұжымына «AMANAT-тың» сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді
«Радуга» ЖШС ұжымына «AMANAT-тың» сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді
Петропавлда партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Пётр Шарапаев «Радуга» ЖШС ұжымына «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді.
Кандидат партияның тұрғын үй салу жоспары туралы айтты. Спикердің айтуынша, алдағы 5 жылда «AMANAT» әлеуметтік тұрғын үй салу және инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін қомақты қаражат бөлуге жәрдемдесуге ниетті.
«Біз 841 мың шаршы метр тұрғын үй салу міндетін қойып отырмыз. Бұдан басқа, партия жеке үйлер салу үшін кемінде 1,7 мың жер учаскесін беруге ниетті. Сондай-ақ біз жүргізілетін құрылыс жұмыстарының сапасын жеке бақылайтын боламыз және кезектіліктің ашықтығын қамтамасыз етеміз», - деді Пётр Шарапаев.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, дәрігерлік кадрлардың жетіспеушілігі, жалақыны көтеру және экология мәселелерін талқылады. Кандидат атап өткендей, «AMANAT» партиясының алдағы 5 жылға арналған жоспарында – орташа жалақыны 339 мың теңгеге дейін ұлғайту, Петропавлда екі емхана салу, медицина қызметкерлеріне көтерме төлемдерді арттыру және рұқсат етілмеген қоқыстарды жою туралы мәселелер бар.
«Радуга» ЖШС қызметкерлері партияның жоспарларын қуана қабылдады. Ұжым мүшелері алдағы 19 наурызда өтетін сайлауда «AMANAT»-ты қолдайтындарын айтып сендірді.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.