Өскеменде жазасын өтеуші түрмеден қашып кеткен

Өскеменде жазасын өтеуші түрмеден қашып кеткен

Өскеменде жазасын өтеуші түрмеден қашып кеткен
ашық дереккөзі
Өскемен қаласында түрмеден қашып кеткен адам бірнеше сағаттың ішінде ұсталды деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №16 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам қашып кеткен. Белгілі болғандай, ол осыдан екі жыл бұрын тонау жасағаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес бас бостандығынан айырылған. Мәлімет бойынша, тәртіп сақшылары ақпарат түсе саласымен бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Сотталған адам сол күні қолға түсті.
«Полицейлер ер адамды бірнеше сағаттың ішінде Өскемендегі көшелердің бірінде ұстады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 426-бабына (қамау орындарынан қашу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.