Астана әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты жабыла ма?

Астана әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты жабыла ма?

Астана әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты жабыла ма?
ашық дереккөзі
Астананың халықаралық әуежайының ұшу-қону жолақтары жөндеуден өтеді деп хабарлады turkystan.kz әуежайға сілтеме жасап.
​​«Әуежайдың ұшу-қону жолақтары 2023 жылғы 15 шілдеден 8 тамызға дейін жоспарланған. Бұл уақыт құрылыс кезеңінің неғұрлым қолайлы жағдайларына байланысты. Жөндеу жекелеген учаскелерде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру жолымен жүргізілетін болады, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығын жөндеу жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, жөндеу жұмыстары қолайлы уақытқа таңдалған. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, жауын-шашынның минималды түсуі және асфальтбетон зауыттарының үздіксіз қызметі жөндеу жұмыстарын аталған кезеңге белгілеуге мүмкіндік береді.