Рыбакина Дубайда жарысты жалғастырудан бас тартты

Рыбакина Дубайда жарысты жалғастырудан бас тартты

Рыбакина Дубайда жарысты жалғастырудан бас тартты
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина бүгін үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездесуі керек еді. Алайда қазақстандық теннисші арқа жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, К.Гауфф ойнамастан ширек финалға өтті. Е.Рыбакина сондай-ақ ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сындағы матчтан сырт қалды. Енді қазақстандық теннисші наурыз айында АҚШ-та өтетін мастерс жарыстарында бақ сынайды.