Жаңалықтар

СҚО мәслихатының депутаттығына үміткерлер мектеп ұжымымен кездесті

ашық дереккөзі

СҚО мәслихатының депутаттығына үміткерлер мектеп ұжымымен кездесті

Партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Дина Әбілмәжінова мен Ербақыт Амантай Петропавлдағы әл-Фараби мектеп-лицейінің ұжымымен әңгімелесті. «AMANAT»-тың өкілдері өңірлік сайлауалды бағдарлама туралы айтып, сапалы білім беру үшін жағдай жасауға бағытталған шараларды егжей-тегжейлі түсіндірді. «Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде кадр тапшылығы 208 адамды құрайды. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін партия «Береке» және «Жас Өркен» шағынауданында 2 емхананың құрылысын аяқтауға, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен жарақтандыруға, денсаулық сақтау ұйымында жыл сайын кемінде 45 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға, медицина қызметкерлеріне көтерме төлемдер бөлуге ықпал ететін болады», - деп атап өтті Ербақыт Амантайұлы. Өз кезегінде мектеп-лицей ұжымының өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасына қолдау білдіріп, сайлау науқанына сәттілік тіледі. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.