Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының сайлауалды штабы Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының сайлауалды штабы Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңірлерде сайлаушылармен кездесуді жалғастырып жатыр. Бүгін партиялықтар Қарағанды облысына келді. Теміртауда экологтармен, қала белсенділерімен және өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу барысында партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген экологиялық ахуалды жақсарту шаралары талқыланды. Костенко атындағы шахтада партиялықтар көмір өндірушілер мен металлургтер кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыс берушінің жауапкершілігін және өндірістегі қауіпсіздікті арттыру мәселелерін талқылады. Бұдан соң партиялықтар Қарағанды қаласындағы «Сұрыптау» теміржол станциясының еңбек ұжымымен көлік және логистика саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Осы күні РСШ мүшелері қандастармен, дәрігерлермен, фермерлермен және басқалармен кездесті.