Саусағыңызды қалай біріктіресіз? – Психологиялық тест

Саусағыңызды қалай біріктіресіз? – Психологиялық тест

Саусағыңызды қалай біріктіресіз? – Психологиялық тест
ашық дереккөзі
Адам мінезін саусақтарын біріктіргеніне қарап білуге болатынын біліп пе едіңіз? Ендеше, үш нұсқаның бірін таңдап, өзіңіздің қандай адам екеніңізді оқыңыз.   1.Бас бармақ оң қолдың үстінде орналасса Бұл адамдардың жаны нәзік, сезімтал келеді. Сыр сақтай алады. Өзгенің ішкі дүниесін түсіне білетін қасиетке ие. Ортасында беделі бар адамдар. Кез келген істі мұқият ойланып, әрекет ете біледі. Шешімді асықпай, ойланып барып шығарады. Сондықтан олар көп жағдайда қателеспейді. 2. Екі бас бармақ бір бірімен байланысып, қарама қарсы орналасса Әрбір істе тәртіп пен үйлесімділікті талап ететін жандар. Бұл адамдар ұрыс-керіс пен жанжалдан бойын аулақ ұстауға тырысады. Жалғыздықты жақсы көреді, бұл сәттерде өздерін жақсы сезінеді. Таныстары өте көп. Бірақ достарының саны санаулы. Себебі, бұл адамдар санға емес, сапаға аса мән береді. Өте сабырлы жандар. Байыбына бармай, шешім шығаруға асықпайды. 3. Бас бармақ сол қолдың үстінде орналасса Өте белсенді және өздеріне өте сенімді адамдар. Бір жерде отырғанды, ішпыстырарлық іспен айналысқанды ұнатпайды. Өте позитивті жүреді. Өз ойын нақты жеткізе біледі. Ісі де, сөзі де нақты жоспармен бекітілген. Басқа адамдардың пікірі мен көзқарасы бұл жандарға маңызды емес.