Жаңалықтар

Ақтөбе қаласында мектеп өртке оранды

ашық дереккөзі

Ақтөбе қаласында мектеп өртке оранды

Ақтөбе қаласында №23 орта мектеп-лицейінен өрт шықты. Мектептегі 900-ден астам оқушы мен мұғалім эвакуцияланды деп хабарлады turkystan.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға бүгін сағат 08:01-де тіркелген. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданының Сәтпаев көшесінде орналасқан №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Шақырту орнына жедел түрде 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілді. «Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде 1-қабатта орналасқан кабинеттің жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында мектеп-лицейден 890 оқушы және 60 мұғалім эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 08:12-де толықтай сөндірілді. Өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.