Жаңалықтар

Майқайың ауылының тұрғындарын не толғандырады?

ашық дереккөзі

Майқайың ауылының тұрғындарын не толғандырады?

«AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалынан депутаттыққа кандидаттар Арман Рахмашев, Куаныш Ботин, Салтанат Калиасқарова мен Серик Садвакасов сайлауалды үгіт насихатпен Майқайың ауылына барды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар күн сайын нашар жолдар, сумен жабдықтау, мектепке дейінгі білім берудің жетіспеушілігі және интернет желісінің нашар байланысы мәселелеріне тап болады. «Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне ауыл тұрғындарынан ұялы байланыс пен интернет желісіне қолжетімділіктің жоқтығы туралы өтініштер мен шағымдар үнемі келіп тұрады», — деді Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Арман Рахмашев. Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.