Қостанай халықаралық әуежайы сатылымға қойылды

Қостанай халықаралық әуежайы сатылымға қойылды

Қостанай халықаралық әуежайы сатылымға қойылды
ашық дереккөзі
Қостанай қаласындағы Kostanay Airport халықаралық әуежайы сатылымға қойылды. Бұл туралы әуежайдың ресми сайтында хабарланды деп жазды turkystan.kz. Әуежай қаладан 2 шақырым жерде орналасқан. Қазір ол Қостанай облысы әкімдігінің меншігінде тұр. Әуежайдан жылына 1 700 рейс жасалады. Рейстерді 200 мыңнан аса адам пайдалана алады.