Жаңалықтар

Страндж кубогы: қазақстандық бес боксшы 1/8 финалға шықты

ашық дереккөзі

Страндж кубогы: қазақстандық бес боксшы 1/8 финалға шықты

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Страндж-2023» турнирінде екінші жарыс күні аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Ел құрамасынан 21 ақпанда 1/16 финалда кешкі сессияда үш былғары қолғап шебері шаршы алаңға шықты. Олардың қатарында Тезек Темірхан (67 келі) болгариялық Пламен Янковты 4:1, 86 келі Бекзат Таңатаров үндістандық Картикті 5:0 есебімен жеңіп, жарыстың келесі сатысына шықты. Ал 54 келіде Бекзат Алдамжаров франциялық Биллал Беннамаға 0:5 есебімен есе жіберіп, жарыстан тыс қалды. Сондай-ақ күндізгі сессияда 57 келіде Оразбек Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахерді, 63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов испаниялық Конде Ойер Ибарречені жеңді. Ал 20 ақпанда Ерасыл Таңқай (60 келі) италиялық Даниэле Салерноны тізе бүктірді.