92 жастағы ғалым ұзақ жасаудың сырымен бөлісті

92 жастағы ғалым ұзақ жасаудың сырымен бөлісті

92 жастағы ғалым ұзақ жасаудың сырымен бөлісті
ашық дереккөзі
Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Facebook-тегі парақшасында ұзақ жасаудың сырымен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz. 
«Ұзақ өмір сүру пендеге Құдайдан берілетін тылсым дүние ғой. Ал денсаулықты күту – өмір сапасын жақсартудың кепілі. Мен анамды алты жасыма дейін емген адаммын. Балалармен ойнап жүріп, шешемді көріп қалсам, омырауына жабыса кететінмін. Бірге ойнаған достарым бұл үшін мені әжуалағанда «сендерге көрсетемін» деп жұдырығымды түйсем жым болатын. Анамның ақ сүтінің арқасында шымыр әрі күшті болып өстім. Әр нәрсені қалыптап берген халқымыз «уызға жарымаған» деген сөзді тегін айтпаса керек. Баланы емшектен ерте шығармай, мейірі қанғанша емізу денсаулығының мықты болуына зор ықпал ететінін түсінуіміз керек» деп жазды ғалым.
Айта кетейік, Төрегелді Шарманов 1930 жылы 19 қазанда дүниеге келген.