Рыбакина Дубайдағы жарыстың үшінші айналымына жолдама алды

Рыбакина Дубайдағы жарыстың үшінші айналымына жолдама алды

Рыбакина Дубайдағы жарыстың үшінші айналымына жолдама алды
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті деп хабарлады turkystan.kz. Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездесті. Осыған дейін қарсыластардың өзара үш рет жолдары тоғысып, бәрінде де қазақстандық теннисші жеңіске жетті. Бұл жолы Е.Рыбакина матчты брейкпен бастағанымен, М.Боузкова таразы басын теңестіре алды. Алайда, Елена тағы бір брейк жасап, 6:5 есебімен алға шығып, өзіне берілген мүмкіндікті жіберген жоқ. Есеп – 7:5. Қазақстандық теннисші екінші партияны да брейкпен бастады – 2:0. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2. Ойын барысында Е.Рыбакина 6 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алған жоқ. Енді, Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен таласады.