Астананың кейбір көшелері жарықсыз қалды

Астананың кейбір көшелері жарықсыз қалды

Астананың кейбір көшелері жарықсыз қалды
ашық дереккөзі

Астананың оң жағалауындағы бірнеше көше «Астана» қосалқы стансасының апатты түрде тоқтап қалуына байланысты жарықсыз қалды.

Ақмола облыстық электр желісін тарату компаниясының балансындағы "Астана" 110/10кВ қосалқы станциясында ақау орын алған.
«Астана» 110/10 кВ қосалқы стансасында электр қуатының ажырауы орын алды. Жұмысшылар ақаудың себебін анықтап жатыр», - делінген Астана аймақтық электр желілік компаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.