Оқушыға дауыс көтерген ақтаулық мұғалім жауапқа тартылды

21 ақпан, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Оқушыға дауыс көтерген ақтаулық мұғалім жауапқа тартылды Ақтауда оқушыға дауыс көтеріп, дөрекі сөйлеген мұғалімге сөгіс жарияланды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ақтаудағы №1 мектепте ұстаздың оқушыға дауыс көтеріп сөйлеп жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Маңғыстау облыстық Білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Видеодағы ер адам математика пәнінің педагогі ретінде 2018 жылдың 8 қаңтарында жұмысқа қабылданған. «Аталған оқиға бойынша жиналыс өтті. Мұғалім кінәсін мойындап, ата-аналардан кешірім сұрады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабы 2-тармағына сәйкес мұғалімге «сөгіс», бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директорына «ескерту» жарияланды», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен. Мұндай жағдайлар қайталанбау үшін өңірдің білім беру ұйымдарына қатаң ескерту жіберілді.