Жаңалықтар

Қызылордалық үміткерлер еңбек ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырды

ашық дереккөзі

Қызылордалық үміткерлер еңбек ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырды

«AMANAT» партиясы өңірде өнеркәсіпті дамыту және кәсіпкерлікке қолдау көрсету арқылы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 30%-ға, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 130 мың адамға, негізгі капиталға инвестиция көлемін 2 есеге артыруды көздеп отыр. Бүгін «Аманат» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Т.Құлмағанбетов, Б.Мақашов, А.Рахметов, Б.Искаков, А.Мампаев ТОО «Құрылыс» мекемесінде болып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.