Қызылордалық үміткерлер еңбек ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырды

Қызылордалық үміткерлер еңбек ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырды

Қызылордалық үміткерлер еңбек ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырды
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы өңірде өнеркәсіпті дамыту және кәсіпкерлікке қолдау көрсету арқылы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 30%-ға, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 130 мың адамға, негізгі капиталға инвестиция көлемін 2 есеге артыруды көздеп отыр. Бүгін «Аманат» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Т.Құлмағанбетов, Б.Мақашов, А.Рахметов, Б.Искаков, А.Мампаев ТОО «Құрылыс» мекемесінде болып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.  width= Кездесуде сөз алған үміткер Талғат Құлмағанбетов партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған еңбек адамдарын дәріптеу, Әділетті Қазақстанның ең басты ұстанымы екенін атап өтті.
«Ел дамуы жолында құрылыс саласы мамандарының алар орны ерекше. Сіздер жас ұрпаққа адал еңбек етудің қас үлгісін көрсетіп келесіздер. Халық тарапынан айтылатын ұсыныс-пікірлер әрдайым ескеріледі. «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламада айтылған әрбір тұрғынның мақсат мүддесі жоғары деңгейде орындаларына толық сенемін. Сіздерді ұрпақ болашағы, ұлт келешегі жолында дұрыс таңдау жасауға шақырамын», – деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айдос Рахметов.
Бақдәулет Махашов «АМАNAT» партиясы аймақтың қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, 2027 жылға қарай Қызылорда облысын әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті, экономикасы қарқынды дамыған, тұрғынға жайлы аймақ ретінде дамыту үшін кешенді сайлауалды бағдараламасын дайындап, негізгі ірі 5 бағытты алдына мақсат етіп отыр. Оның ішінде азаматтардың әлеуметтік мәселелерінен бастап, экологияға дейін қамтылды. Бұл жұмыстар халықтың қолдауымен жүзеге асатындығын атап өтті.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

 width=