Астанадағы жатақханада 25 адам уланып қалды

Астанадағы жатақханада 25 адам уланып қалды

Астанадағы жатақханада 25 адам уланып қалды
ашық дереккөзі
Астанада жеке жатақханада 25 адам улы газдан уланып қалды. Алдын-ала мәлімет бойынша, адамдардың улануына жылыту пешінің істен шығуы себеп болуы мүмкін деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында. Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылғы 21 ақпанда таңғы сағат 8:50-де жедел жәрдем қызметінен хабарлама келіп түскен. Хабарламада 4 қабатты жеке жатақханадағы бірнеше бөлменің тұрғындары улы газбен уланғаны айтылған. Жалпы 25 адам, оның ішінде 9 бала улы газбен уланған. ТЖМ-ның хабарлауынша, бұрын осы объектіде осы жайтқа ұқсас оқиға болған. Сол кезде өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсынымдар жасап, өрт қауіпсіздігінің маңызды талаптарын бұзу туралы материалдарды әкімдікке (МСҚББ-ға), тұрғын үй инспекциясына, МКД-ға жіберген. Өз кезегінде өрт сөндірушілер бұл объектіні бақылауға алып, өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау жөнінде жадынамалар тарата отырып, екі рет профилактикалық түсіндіру әңгімелесу жұмыстарын жүргізген. Бұл жолы уланудың себебін нақтылау және анықтау үшін оқиға орнына анықтаушы және сынақ зерттеу өрт зертханасы жіберілген. ТЖМ-ның дерегінше, уланудың алдын ала себебі - қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешінің істен шығуы.
«Тұрғын үйді жатақханаға өзгерткен. Объект өрт автоматикасы жүйелерімен жабдықталмаған. Тұрғын үйді жатақханаға ауыстыруға арналған құжаттар жоқ», - дейді ТЖМ өкілдері.