Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Жетісуда бұқаралық спортты дамытуға ден қояды

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы Жетісуда бұқаралық спортты дамытуға ден қояды

Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Еркебұлан Ақболатов пен Қуат Баймырзаев Талдықорған қаласындағы Орталық бассейн ұжымымен кездесті. Қос үміткер өңірдегі спорт саласындағы кемшін дүниелер мен партияның атсалысуымен жүзеге асатын оңтайлы тірлікті жіпке тізгендей баяндап берді. Партияның Жетісу өңіріне негізделген сайлауалды бағдарламасына сай алдағы бес жылда 19 спорттық нысан бой көтереді. Оның ішінде ауылдық жерлерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға мұрындық боламыз. Нәтижесінде 2027 жылға қарай өңір халқын спорттық инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 51,3 пайыздан 56 пайызға көтеріледі. Ал спортпен шұғылданатындардың үлесі 50 пайыздан асатын болады, - деді Еркебұлан Ақболатов. Спорттық нысан қызметкерлері қос кандидаттың сүбелі ойлары мен партияның оңтайлы бастамаларына разылығын білдірді. Алдағы науқанда нақ істер партиясына қолдау білдіруге ниетті. Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді