Жаңалықтар

Елордада әйелдер форумы өтті

ашық дереккөзі

Елордада әйелдер форумы өтті

Елордада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ден астам қатысушының басын қосқан «AMANAT» партиясының әйелдер форумы өтті. Жиынға белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, көпбалалы аналар, кәсіпкерлік, білім беру сияқты және басқа да салалардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі, сондай-ақ олардың өз қабілет-қарымын жүзеге асыруын және елдің саяси өміріне араласуын қамтамасыз етуге бағытталған «AMANAT» партиясының бастамалары талқыланды.