Ресей-Украина: 700 млрд доллар шығын және экономиканың құлдырауы

Ресей-Украина: 700 млрд доллар шығын және экономиканың құлдырауы

Ресей-Украина: 700 млрд доллар шығын және экономиканың құлдырауы
ашық дереккөзі
Былтыр 24 ақпанда Украина уақыты бойынша 05:00-де Владимир Путин Украинаның шығысында «әскери операция» бастау туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Бірнеше минуттан кейін жарылыстар болып, Ресей Киевтегі, Харьковтегі және Днепрдегі аэродромдарға, әскери штабтар мен әскери қоймаларға қанатты және баллистикалық зымырандарды ұшырды. Сағат 07:00-ге жақын Украина президенті Владимир Зеленский Украинада әскери жағдай енгізілгенін хабарлап, Ресеймен бүкіл дипломатиялық қарым-қатынастарды үзетінін мәлімдеді. Ресей бейбіт тұрғындарға шабуыл жасамаймыз десе де Киевпен бірнеше қалада тұрғын үйлерге снаряд түсті. Украинадан жұрт босып, Еуропаға қаша бастады. Әне-міне дегенше оған да жылға жуық уақыт болды. Бүгінге дейін екі ел қанша шығынға батты, қаншалықты құлдырады? Соғыс аталған мемлекеттердің, әлем елдерінің экономикасына қалай әсер етті? Біз осы сауалдарға жауап іздеп көрдік. 

Екі елге келген шығын

[caption id="attachment_214201" align="alignnone" width="1920"] width= Фото: dzen.ru[/caption] Ресей Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі Украинадағы соғыста Ресей әскерінің шығыны 200 мың адамды құрайтынын мәлімдеді. Олардың ішінде 60 мыңға жуық адам қаза тапқан.
«Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі мен ПМК күштері Украинаға шабуыл басталғаннан бері 175-200 мың адамнан айырылған болуы мүмкін, шамамен 40-60 мың адам қаза болған», – делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, Ресейдің шығыны 2022 жылдың қыркүйегінен кейін, яғни Кремль «ішінара мобилизация» жариялаған соң айтарлықтай өскен. Британиялық барлау қызметі қазіргі заманғы соғыс стандарттары бойынша Ресейде қаза тапқандардың саны өте көп екенін түсіндірді. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 21 қыркүйегінде Украинадағы соғыста қанша шығын болғанын соңғы рет ресми жариялаған. Мекеме басшысы Сергей Шойгудың айтуынша, олар шамамен 6 мың әскерден айырылған. Сонымен қатар Шойгу соғыста Украинаның 100 мыңнан астам адамы қаза тауып, жараланғанын айтқан болатын. BBC ашық дереккөздердің негізінде Украинада соғыста қаза тапқан 14 709 орыс әскерінің есімдерін анықтай алды. Соңғы 14 күнде расталған шығындар әдеттегі апталық көрсеткіштен бес есе көп болған көрінеді. Бұл Ресейдің Донбасста бастаған шабуылының салдары болуы мүмкін. Жалпы шығын желтоқсан айының ортасынан бастап айтарлықтай өсе бастаған. 2022 жылы ресейлік дереккөздер апта сайын шамамен 250-300 адам қайтыс болғанын хабарлады. Қаңтарда бұл сандардың екі есе өскені белгілі болды. Украина МОССАД израильдік барлау агенттері Украинада соғыс басталғаннан кейін бір жылға жуық уақыт өткен соң Украина әскерінің шығындарын жариялады.
«157 000 адам қаза тапқан; 234 000 адам жараланған; 17 230 адам тұтқынға түскен; 234 НАТО әскери нұсқаушылары ажал құшты (АҚШ және Ұлыбритания); 2 458 НАТО сарбазы оққа ұшты (Германия, Польша, Литва және т.б.); 5 360 жалдамалылар қаза тапты», – делінген мәліметте.
Осыған байланысты әскери сарапшы Алексей Леонковтың айтуынша, Украина шығыны 600 мың адамға дейін жетуі мүмкін.

Украинадағы соғыс Ресей экономикасын 25 жылға кейін шегіндірді

[caption id="attachment_214199" align="alignnone" width="1920"] width= Фото: daytimenews.ru[/caption] Ресейдің Қаржы министрлігі қаңтар айы бойынша елдің бюджет тапшылығы 1,76 триллион рубльге (24,8 миллиард доллар) дейін өскенін хабарлады. «Свобода слова» дерегінше, Путиннің Украинаға басып кіруі РФ экономикасын 25 жылға кері қайтарған деп есептейді. Bloomberg мәліметтері бойынша, жылдың бірінші айындағы Ресей бюджетінің тапшылығы 1998 жылдан бергі ең үлкен көрсеткішті құрап отыр. Ал министрліктің мәліметі бойынша, 2023 жылдың қаңтарында мұнай мен газдан түсетін салық бір жыл бұрынғыға қарағанда 46%-ға төмендеп, соғыс әлі күнге дейін жалғасып жатқандықтан, федералды бюджет шығындары 59%-ға өскен. Ресейдің Украинаға басып кіргені үшін халықаралық қауымдастық тарапынан санкциялар толқынына ұшырағаны белгілі. Санкциялар Ресейге зиян келтірсе де, ел экономикасы ішінара негізгі экспорттық тауарлар – газ бен мұнай бағасының өсуіне байланысты өзгеріссіз қалды.

Украина 700 млрд доллар шығынға ұшырады

[caption id="attachment_214200" align="alignnone" width="1920"] width= Фото: molsport.ru[/caption] Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль соғыс нәтижесінде Украина экономикасының 700 млрд доллардан астам шығынға ұшырағанын мәлім етті. Оның айтуынша, биыл бюджеттің жартысы барлық қажетті Қарулы күштерді қамтамасыз етуге бағытталады.
«Халық пен бизнес иелері төлейтін барлық салық қорғаныс пен қауіпсіздікке жұмсалады. Біздің әскер қазіргіден де күшті болады. Біз қару-жарақ пен техниканы өндіру мен сатып алудың жаңа бағдарламаларын жандандырып жатырмыз. Биылға арналған мемлекеттік бюджетте қарулы агрессияның салдарын жою үшін 35,5 млрд грн салынды. Бұл қордың аясында қоғамдық ғимараттарды, инфрақұрылым нысандарын салу және жөндеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары қамтылады. Жақын арада ресейлік банктерден тәркіленген қаражат есебін қалпына келтіруді бастаймыз – бұл үшін арнайы шотта 17 млрд грн бар. Ең алдымен – халықтың қираған бспанасын қалыпқа келтіруді жоспарлап отырмыз», – деді Шмыгаль.

2023 жыл әлемдік экономика үшін қиын болады

[caption id="attachment_214203" align="alignnone" width="1920"] width= Фото: dagpravda.ru[/caption] «Биыл әлем экономикасы үшін 2022 жылдан да қиын болады», - дейді сарапшылар. Украина мен Ресей соғысы, пандемиядан соң есеңгіреген экономикаға үлкен кесірін тигізді. Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева әлемдік экономиканың үштен бір бөлігі рецессияға ұшырайды дейді. Мәселен, 2022 жылы жаһандық өсім 3,2% болса, биыл 2,7%-ке төмендейді.
«2023 жылы бірнеше үлкен экономикасы бар мемлекеттердің дамуы төмендейді. Бағаның күрт көтерілуі, тасымал тізбегінің бұзылуы, пайыздық мөлшерлемелердің өсуі және Украинадағы соғыс әлем экономикасына кері әсер етеді. Сондықтан жаһандық өсім 2,7%-тен де төмен болуы мүмкін», – деді халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева.
Cонымен қатар соңғы 40 жылда алғаш рет Қытайдың 2022 жылғы дамуы жаһандық өсім деңгейінде, тіпті одан да төмен болуы мүмкін. Оған негізінен пандемия әсер еткен. Ал Ресей Украина қақтығысының созылуы Еуропалық Одақтың экономикасына да оңай тимей тұр.