Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысының каратэшілері «AMANAT» партиясына қолдау білдірді

ашық дереккөзі

Солтүстік Қазақстан облысының каратэшілері «AMANAT» партиясына қолдау білдірді

Петропавлда партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Владимир Витченко «Бүкілқазақстандық кёкушинкай каратэ ұйымы» РҚБ СҚОФ ұжымына «AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Спикер жұмыспен қамту және жалақы мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Оның пікірінше, дәл осы бағыттар петропавлдықтарды қатты алаңдатады. «Халықты жұмысқа орналастыру үшін біз 5 жыл ішінде тұрақты жұмыс орындарын құруға жәрдемдесуге ниеттіміз. Бұл орындар инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмыс істеп тұрған ШОБ кәсіпорындарын ұлғайту, кәсіпкерлерге қаржылық қолдау шараларын ұсыну, азаматтарға, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне гранттар беру арқасында ашылатын болады», - деді Владимир Витченко. Спикердің айтуынша, 2027 жылдың соңына дейін партия Петропавлда кемінде 13 мың тұрақты жұмыс орнын құруды, сондай-ақ орташа жалақы деңгейін 334 мың теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отыр.