Жаңалықтар

Ресей ғылыми зерттеулерге шығынды азайтып жатыр

ашық дереккөзі

Ресей ғылыми зерттеулерге шығынды азайтып жатыр

Ресей үкіметі 2019 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық комплексті дамыту бағдарламасына шығынды 25 миллиард рубльге қысқартты. Қысқарту алдымен "ғылыми-технологиялық комплекстің мақсат-міндеттерін шешу бағытына жүреді. Бұл салаға сәйкес, 2017 жылға бюджет үш есеге, одан кейінгі екі жылда екі есеге қысқарады. Техникалық инфрақұрылымды қолдауға қаржы екі есеге, ғылымды насихаттау жұмысына үш есеге аз жұмсалады. Осыған қарамастан Ресей білім және ғылыми мекемелерді қайта жөндеу жұмысына шығынды өсіруді жоспарлап отыр. Ресей ғылыми академиясының экономика институтының директоры Дмитрий Сорокин ғылым саласына бюджетті қысқарту он жылдан кейін технология жағынан артта қалуға әкеледі деп есептейді. Ресей ғылым академиясының президенті Владимир Фортов жағдайды жақсарту үшін "саяси шешім" қажет, ғылымға мемлекет басымдық беру керек дейді. 2017 жылғы бюджетке азаматтық ғылымға 336 миллиард рубль бөлінген. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 100 млрд рубльге аз.