Жаңалықтар

«Канело» өз елінде 12 жылдан кейін жекпе-жек өткізбек

ашық дереккөзі

«Канело» өз елінде 12 жылдан кейін жекпе-жек өткізбек

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес келесі жекпе-жегі 6 мамырда Мексикада болатынын растады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. «Халиско тәуелсіздігінің 200 жылдығын тойлау кезінде, өз жерімде айқасу үшін рингке ораламын. Мамыр айында титулдарымды қорғаймын. Жуырда анығын хабарлаймыз» деп жазды ол желідегі парақшасында. БАҚ-тың мәліметінше, мексикалықтың келесі қарсыласы британиялық Джон Райдер болады. Айта кететін жайт, «Канело» Мексикада 2011 жылдан бері жекпе-жек өткізген жоқ.