Жаңалықтар

Депутаттыққа үміткерлер ауыл тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

Депутаттыққа үміткерлер ауыл тұрғындарымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осы маңызды саяси науқан аясында «AMANAT» партиясынан сайлауға түсіп жатқан үміткерлер Баянауыл ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Алдымен депутаттыққа үміткерлер аудан орталығынан шалғай орналасқан Қаратомар, Теңдік ауылдарына ат басын бұрып, ауыл азаматтарын толғандыратын ортақ тақырыптарға тоқталып өтті. Кездесу барысында Парламент Мәжілісіне партиялық тізіммен кандидат болып тіркелген Нұржан Әшімбетов жайылымдық жер мәселесіне қатысты өз ой-пікірін білдіріп, түйткілді шешу жолдарымен бөлісті. Оның айтуынша, Баянауыл таулы аймақта орналасқандықтан, мұнда жайылымдық жер тапшы. Игерілмеген жайылымдық жер – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жайылымдық жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді нықтап тапсырған болатын. Бұл ретте аталған мәселені шешу үшін Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар дайындадық. Қазақ халқында «Жер – елге аманат, ел – ерге аманат» деген нақыл бар. Жер мәселесін шешетін уақыт келді. Үміткер ретінде басты мақсатым – игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді, заңсыз жекеменшікке өткен жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға көмектесу және жерді ауыл тұрғындарына қолжетімді ету, – деді ол. Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді