Інісі жоғалып кеткен әпкесін 27 жылдан кейін Ақтаудан тапты

Інісі жоғалып кеткен әпкесін 27 жылдан кейін Ақтаудан тапты

Інісі жоғалып кеткен әпкесін 27 жылдан кейін Ақтаудан тапты
ашық дереккөзі
Еріктілердің күшімен, олардың жүйелі жұмысымен Ақтауда ағалы-әпкелі 27 жылдан кейін бір-бірімен қауышты деп хабарлады turkystan.kz. Ақтаудағы еріктілерге бір ай бұрын Астраханнан Анатолий Самохвалов есімді азамат хабарласып, өзінің ағасы Геннадийді тауып беруін өтінген. Ер азаматтың айтуынша, олар отбасымен бірге кезінде Астраханнан Ақтауға көшіп келген (ол кезде қала бұрынғы Шевченко еді), сол кезде ол отбасынан көз жазып қалған екен. Еріктілердің жігерлі жұмысынан кейін бір айдан соң Анатолидің әпкесі – Любовь Владимировна Ақтаудан тапқан. Әпкесінің айтуынша, туған ағасы және ата-анасы қайтыс болған. Ал әпкесі Анатолийді іздеуден үмітін үзген. 20 ақпан күні ағалы-әпкелі екеуі телефон арқылы сөйлескен. Анатолий көзі дұрыс көрмейтіндіктен әпкесі өзі іздеп баратын болар деп отыр.