Жаңалықтар

Астана полициясы тұрғындарға үндеу жасады

ашық дереккөзі

Астана полициясы тұрғындарға үндеу жасады

Астана полиция департаменті елорда тұрғындарына ауа райының нашарлауына байланысты үндеу жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Мәлімет бойынша, 20 ақпан күні елордада 120 жол-көлік оқиғасы тіркелген. "Жол ережелерін, қауіпсіз арақашықтықты, көлікті басқару және көліктің екі жақ жанының интервалын қатаң сақтаңыздар. Көлік иелеріне жылдам бұрылу, тез жүру және кенеттен тежегішті басу сынды әрекеттерден бас тарту керек, себебі ол ауа райы қолайсыз кезде көлікті басқара алмау оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін. Сонымен бірге көлікті айдаған сәтте гаджеттерді пайдаланбаған абзал. Жол жүргендеріңізде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қосымша шара қабылдау мәселесіне баса назар аударыңыздар", - делінген ведомство хабарламасында. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерді жолды кесіп өткенде гаджеттерге қарамауға, құлаққапты шешуге және жақын арада келе жатқан көлік жоқ екеніне толығымен көз жеткізуге шақырды. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, қауіпсіздік шаралары жол-көлік оқиғалары санын барынша азайтуға жол ашады.