Жаңалықтар

Түркияда тағы жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Түркияда тағы жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар (ВИДЕО)

Хатайда жер сілкінісінен 3 адам қаза тауып, 213 адам зардап шекті. Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Солу мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. Түркия вице-президенті Фуат Октай Дефне ауданында болған 6,4 балдық жер сілкінісінен соң 20 тербеліс тіркелгенін айтты. AFAD агенттігінің хабарлауынша, Хатай провинциясында бүгін болған зілзаладан соң хабарланған теңіз деңгейінің көтерілуі туралы ескертудің күші жойылды.