Қырғыз президенті елдің жаңа Конституциясына қол қойды

Қырғыз президенті елдің жаңа Конституциясына қол қойды

Қырғыз президенті елдің жаңа Конституциясына қол қойды
ашық дереккөзі
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін елдің жаңа конституциясына қол қойды. Атамбаев қол қою кезінде азаматтардың көпшілігі конституцияға енгізілген өзгерістерді қолдағанын айтты.
Қол қою рәсіміне парламент спикері Чыныбай Турсунбеков, премьер-министр Сооронбай Жээнбеков, Жоғарғы сот төрағасы Айнаш Токбаева, парламенттегі фракциялардың жетекшілері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысты. Конституцияның түпнұсқасы президент аппаратында сақталады, ал көшірмелері парламент, үкімет пен Жоғарғы сотқа беріледі. Қырғызстанда конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум 2016 жылдың 11 желтоқсанында өткен. Оған сайлаушылардың 42 пайызы қатысып, дауыс бергендердің 80 пайызы ұсынылған өзгерістерді қолдаған. Дауыс бергендердің 16 пайызы өзгерістер енгізуге қарсы болған. Конституцияға өзгерістер премьер-министрдің өкілеттігін кеңейту үшін жасалған. Жаңа конституция бойынша, президентке парламент депутаттарының үштен екісінің қолдауымен Конституциялық сотқа өз кандидаттарын ұсынып, судьяларды қызметінен алу құқығын береді.