Жаңалықтар

Заңсыз сақталған 3 мың литр алкоголь өнімі тәркіленді

ашық дереккөзі

Заңсыз сақталған 3 мың литр алкоголь өнімі тәркіленді

Атырау облысында заңсыз сақталған 3 мың литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Құлсары қаласының тұрғыны алкоголь өнімін заңсыз сақтап келген. «Департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында орналасқан қоймалардың бірінен алкогольді спирт өнімін заңсыз сақтаған тұлғаны анықтады. Қала аумағындағы қоймадан 3,194 литрді құрайтын арақ өнімі табылды. Спирт ішімдігі 6600-ден астам шыны бөтелкеге құйылған. Алкоголь өнімінің жалпы құны 7 млн теңгеге жуық қаржыны құрайды», - деп хабарлады ведомстводан. Күдікті ретінде 51 жастағы ер адам ұсталды. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 233-бабы 2-бөлігімен (Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.