Қашағанда Универсиада алауы жағылды

Қашағанда Универсиада алауы жағылды

Қашағанда Универсиада алауы жағылды
ашық дереккөзі
Бүгін Қашаған кен орнының жасанды аралдарының бірінде жағылған алау Атырауға жеткізіліп, Универсиада-2017 алауы жағылды.
«Қазақстан үшін қысқы Универсиаданы қабылдау үлкен мәртебе. Біздің еліміз 1993 жылдан бері Универсиадаларға қатысып келеді. Қазақстандық спортшылар барлығы 125 медаль жеңіп алды. Өз жерінде де біздің команданың жақсы ойын көрсетеріне күмән жоқ. Ең бастысы, Универсиада өткізу бәрімізге қуаныш сыйлап, елімізде және біздің облысымызда спорттың дамуын ықпалын тигізеді», - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев салтанатты шараның қатысушыларына. Атыраудың орталық көшелерімен Универсиада-2017 алауын 60-қа жуық жастар алып өтті. Және бүгін Қашағанда жағылған Универсиада-2017 алауы Алматыға жеткізіліп, Алматыдағы үлкен алаудың бір бөлшегіне айналады.