Страндж турнирі: қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Страндж турнирі: қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Қазақстандық Ерасыл Таңқай Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Страндж-2023» турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Ел құрамасынан бірінші болып рингке шыққан ол, 60 келі салмақта италиялық Даниэле Салерномен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Екінші және үшінші раундтарда Италия боксшысын нокдаунға да жіберген еді.
Осылайша ол жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.
Мамандар арасында «Страндж» турнирі кіші әлем чемпионаты ретінде бағаланады.
Халықаралық турнир 19-27 ақпан аралығында өтеді.
Былғары қолғап бәсекесі 1950 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Аталған турнир 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі саналады.