Аманаттықтар «Азаматтарға арналған үкімет» мамандарымен кездесті

Аманаттықтар «Азаматтарға арналған үкімет» мамандарымен кездесті

Аманаттықтар «Азаматтарға арналған үкімет» мамандарымен кездесті
ашық дереккөзі

 «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалындағы сайлауалды штаб өкілдері Нұрбек Қарасаев, Исахан Сағынбаев, Бекқали Нұрбосинов, Ирина Беляева, Абзал Марат, Джанбулат Тангиев Ақтау қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерімен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

 width=

«Біз ашық әрі әділ сайлау өткізуге уағдаластық. Сондықтан баршаңызды сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Бұл сайлау – бұрынғыдан өзгерек. Өйткені сайлау жүйесі мен заңнамасына түрлі өзгерістер енді. Мысалы, осы жолы азаматтардың өзін-өзі ұсынуға қақы бар. Сондай-ақ өзіңіз сайлаған депутат өнімді жұмыс істемесе, не істегені көңіліңізден шықпаса, сайлау комиссиясына шағымданып, депуттаттың өкілеттігін тоқтатуға мүмкіндік туды», - деді «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасайұлы.

Қызметкерлермен кездесуде жиналғандар сайлау ережелері мен тәртібі туралы сауалдар қойды.

 width=

«Менің саяси науқанға араласып жүргеніме аз да, көп те болған жоқ. Бірақ, нақты біздің партия өңірге еңбек етіп жүрген, пайдасы тиген және алдағы уақытта да облыс үшін жұмыс істей алатын азаматтарды топтастырды. Осыған дейін менің де саясатқа бүйрегім бұрмайтын. Бірақ кез келген жағдайды жақсы жаққа өзгертуге берген мүмкіндігі үшін партия қатарына қосылып, сайлауға түсіп жатырмын. Сынауға әрқашан мәселе табылады. Бірақ олқылықтың орнын толтырып, кемшілікті түзетуге жұмыстануға кез келгеннің жүрегі дауалай бермейді. Осындай жүкті мойнына алып, нартәуекелге барып отырған партияластарыма дауыс беруге шақырамын!», - деді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Беляева.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы” КЕАҚ Маңғыстау облыстық филиалы қызметкерлері алдағы уақытта осындағы жұмысшылардың мемлекеттік қызметші ретінде тұрғын үй алу мүмкіндігін молайту тетіктерін қарастыруды сұрады.

 width=                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.