Жаңалықтар

Аманаттықтар «Азаматтарға арналған үкімет» мамандарымен кездесті

ашық дереккөзі

Аманаттықтар «Азаматтарға арналған үкімет» мамандарымен кездесті

 «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалындағы сайлауалды штаб өкілдері Нұрбек Қарасаев, Исахан Сағынбаев, Бекқали Нұрбосинов, Ирина Беляева, Абзал Марат, Джанбулат Тангиев Ақтау қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерімен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Менің саяси науқанға араласып жүргеніме аз да, көп те болған жоқ. Бірақ, нақты біздің партия өңірге еңбек етіп жүрген, пайдасы тиген және алдағы уақытта да облыс үшін жұмыс істей алатын азаматтарды топтастырды. Осыған дейін менің де саясатқа бүйрегім бұрмайтын. Бірақ кез келген жағдайды жақсы жаққа өзгертуге берген мүмкіндігі үшін партия қатарына қосылып, сайлауға түсіп жатырмын. Сынауға әрқашан мәселе табылады. Бірақ олқылықтың орнын толтырып, кемшілікті түзетуге жұмыстануға кез келгеннің жүрегі дауалай бермейді. Осындай жүкті мойнына алып, нартәуекелге барып отырған партияластарыма дауыс беруге шақырамын!», - деді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Беляева.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы” КЕАҚ Маңғыстау облыстық филиалы қызметкерлері алдағы уақытта осындағы жұмысшылардың мемлекеттік қызметші ретінде тұрғын үй алу мүмкіндігін молайту тетіктерін қарастыруды сұрады.