Жаңалықтар

AMANAT: Қызылордада 700 шақырым жол қайта жаңартылады

ашық дереккөзі

AMANAT: Қызылордада 700 шақырым жол қайта жаңартылады

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан облыстық мәслихатқа үміткерлер «Ажар City» сауда үйінде экспромт кездесу өткізіп, сайлаушыларға партия бағдарламасын кеңінен түсіндірді.

Кездесуде сөз алған үміткер Жорабек Нұрымбетов материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдағы атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Ол өз сөзінде ең алдымен жайылым тапшылығы мәселесін шешу, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың маңыздылығына тоқталды.