AMANAT: Қызылордада 700 шақырым жол қайта жаңартылады

AMANAT: Қызылордада 700 шақырым жол қайта жаңартылады

AMANAT: Қызылордада 700 шақырым жол қайта жаңартылады
ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан облыстық мәслихатқа үміткерлер «Ажар City» сауда үйінде экспромт кездесу өткізіп, сайлаушыларға партия бағдарламасын кеңінен түсіндірді.

Кездесуде сөз алған үміткер Жорабек Нұрымбетов материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдағы атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Ол өз сөзінде ең алдымен жайылым тапшылығы мәселесін шешу, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың маңыздылығына тоқталды.  width=
«Бүгінгі таңда еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі – ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және келер жылға дейін осы саладағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру. Осы мақсат жолында «AMANAT» партиясы алдағы жылда «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Сондықтан партия мүшесі ретінде сіздер артқан сенім үдесінен көрінуге уәде етемін. Сіздерді жауапты кезеңде дауыс беруге шақырамын», - деді Жорабек Нұрымбетов.
Облыстық мәслихатқа үміткер Гүлшат Мусаева азаматтардың қауіпсіздігі үшін партия қолдауымен облыста 700 шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өтетіндігін, «Қызылорда – Жезқазған» автожолын қайта жаңарту жұмыстарының сапалы жүргізілуін «AMANAT» партиясы тікелей бақылауға алатындығын атап өтті. Кездесу барысында қала тұрғындары мен сауда үйінің қызметкерлері сауалдарын қойып, сайлау науқанында белсенділік танытатындарын жеткізді. Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.  width=