Хаменованың ісі қайта қаралып жатыр

Хаменованың ісі қайта қаралып жатыр

Хаменованың ісі қайта қаралып жатыр
ашық дереккөзі
Атырау облыстық сотында өңір әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты апелляциялық шағым қаралып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін, 20 ақпанда Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарау басталды. Аппеляциялық шағым облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралуда», - деп мәлім облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, 2022 жылдың 15 қарашасында Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шықты. Сот үкіміне сәйкес, Бақытгүл Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде 3 жылдан кейін өтейді. Хаменова сот залынан үйіне жіберілді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Облыстық Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев те 7 жылға бас бостандығынан айырылды. «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов 4 жылға сотталды. 2022 жылдың желтоқсанында Атырау қаласының №2 сотына Бақытгүл Хаменовадан, оның адвокаты Игорь Вранчевтан, Өмірбек Адамовтан, оның адвокаты К. Адамовадан және Ақылбек Рысқалиевтың адвокаты Нұрбол Жолболовтан апелляциялық шағым түсті.