Жаңалықтар

V-XIII ғасырға жататын монеталарды Қазақстаннан заңсыз алып өтпек болған

ашық дереккөзі

V-XIII ғасырға жататын монеталарды Қазақстаннан заңсыз алып өтпек болған

Алматыда шекарашылар Моңғол империясынан бері келе жатқан монеталарын алып өтпек болған заңсыз әрекетті тоқтатты. 22 қаңтарда Алматы әуежайындағы поштаны бақылау учаскесіндегі Алматы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстаннан АҚШ-қа антикварлық монеталар коллекциясын әкетуге жол бермеді.