Жаңалықтар

«AMANAT» штабының мүшелері Түркістан облысында сайлаушылармен кездесті

ашық дереккөзі

«AMANAT» штабының мүшелері Түркістан облысында сайлаушылармен кездесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өңірлерде сайлаушылармен кездесуді бастады. Штаб мүшелері бірінші Түркістан облысына барды. Түркістанда зиялы қауыммен кездесу өтті. Жүздесуде рухани құндылықтар мәселесіне, ұлттық мәдениет пен шығармашылық адамдарын қолдау шараларына ерекше назар аударылды. «Халық үшін сіздерің ой-пікірлеріңіз ерекше маңызды. Сондықтан алғашқы кездесуді өздеріңізбен өткізіп отырмыз. Сіздер мемлекет пен қарапайым халық арасындағы алтын көпір іспетті әрдайым әділеттілік пен туралықтың жақтаушысы болып келесіздер. Қоғам тынысының тамырын тап басып, көптеген мәселе бойынша өз ойларыңызды ашық жеткізесіздер. Бұл Әділетті Қазақстан құру үшін аса маңызды», - деді Республикалық сайлауалды штабтың басшысы Ерлан Қошанов.