Астанада аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Астанада аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Астанада аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді
ашық дереккөзі
Елордада Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі сатудың жолын кесті деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, Күмісбеков көшесіндегі үйдің жанынан Range Rover-дің жүк салғышында күшті синтетикалық есірткі заты – мефедронның 2 пакеті табылды. Көлікті басқарған 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
«Ұсталған азамат есірткіні Алматыдан сатып алып, көлікпен Астанаға жөнелтіп, өзі елордаға ұшақпен оралған. Әрі қарай ол есірткіні бір келіден бөліп, Көкшетау, Петропавл және Павлодар қалаларында ірі мөлшерде көтерме сауда үшін жасырып кетуді жоспарлаған. Күдікті есірткіні орап-түю үшін тасымалдау барысында ұсталды», - делінген хабарламада.