Қарабақ қақтығысы: екі ел миллиардтаған шығынға ұшырады

Қарабақ қақтығысы: екі ел миллиардтаған шығынға ұшырады

Қарабақ қақтығысы: екі ел миллиардтаған шығынға ұшырады
ашық дереккөзі
Армения-Әзербайжан арасындағы саяси-әскери жанжал 1990 жылдары басталып, қазірге дейін әртүрлі деңгейде қайта тұтанып, қайта өршіп, жалғасып келеді. Бұған дейінгі ірі қақтығыс 3 жыл бұрын болды. Екі ел халықаралық деңгейде Әзербайжанның бір бөлігі саналатын, бірақ 2020 жылға дейін толығымен этникалық армяндардың бақылауында болған Таулы Қарабақ үшін соғысып келеді. Кез келген соғыс екі немесе одан да көп елді экономикалық жақтан үлкен шығынға батырады. Халықтың босып кетуіне, өзге елге қоныс аударуына әсер етеді. Сондай-ақ демографияның төмендеуіне жол береді.

Қақтығыс хронологиясы

1991-1994 жылдардағы қақтығыс 1991 жылы 30 тамызда Әзербайжан Республикасының тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы декларация қабылданды. Таулы Қарабақ оның құрамында болған. Үш күннен кейін өз Республикасын – Таулы-Қарабақ Республикасы (ТҚР) деп жариялады. Осыған байланысты Армения мен Әзербайжан арасында қарулы қақтығыс басталып, 1994 жылға дейін созылды. ТҚР Әзербайжан жерінде жария етілгендіктен оны Баку ресми мойындаған жоқ, ал Ереван қолдады. Бұл жағдайдан кейін Әзербайжан мен Армения арасы бүлініп, Таулы Қарабақ мәселесі әлем назарына ілікті. 1994 жылы 5 мамырда Әзербайжан, Армения және Таулы Қарабақ өкілдері қақтығыс аймағында атысты тоқтатуға шақырған Бішкек хаттамасына қол қойды. Құжат 12 мамырда күшіне енді. Содан бері Қарабақ шекараларында мезгіл-мезгіл қару қолданылып, екі тарап бір-бірін атысты тоқтату режимін бұзды деп бірнеше рет айыптады. Одан кейін қақтығыс 2014 жылға дейін күшейген жоқ. Айта кетейік, Таулы Қарабақ – Әзербайжанның оңтүстік-батыс аймағы. Таулы Қарабақ «Әзербайжан ССР-нің автономды облысы мәртебесіне» 1923 жылы ие болды. Таулы Қарабақ автономиялы облысы (ТҚАО) 1988 жылы ақпанда Әзербайжан ССР-нің құрамынан шығуға талпынып, 1991 жылы қыркүйекте ТҚАО-ның орталығы Степанакертте Таулы Қарабах Республикасы жарияланды. Соңғы он жылдықтағы қақтығыс 2014 жылдың қарашасында, ТАСС басылымы Армения Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып, Әзербайжан жағы Арменияның оқу-жаттығу рейсін орындаған Ми-24 жауынгерлік тікұшағын атып түсірген. Экипаж қаза тапты. Өз кезегінде екінші тарап тікұшақ Әзербайжан әскери күштерінің позицияларына шабуыл жасады, сондықтан ол кері атыспен жойылды деп мәлімдеді. Бұл оқиға қарулы қақтығыс пен адам шығынын әкелуге қайта себеп болды. 2016 жылдың 2 сәуіріне қараған түні таулы Қарабахта екі ел арасындағы мәселе нағыз соғысқа ұласты. Тараптар бір-бірін бітімгершілікті бұзды деп айыптады. 5 сәуірде Мәскеуде Әзербайжан және Армения Қарулы күштерінің Бас штаб бастықтарының кездесуі өтті. Келіссөздер арқасында екі ел атысты тоқтатуға келісті. Сол жылы тараптар 48 сағаттың ішінде бір-біріне едәуір шығын әкелді. 5 сәуірде Әзербайжан Қорғаныс министрлігі соңғы екі күнде Әзербайжанның 16 әскери қызметкері қаза тапты деп мәлімдеді. Кейін Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Вагиф Даргахлы Қарабахтағы соғыс қимылдары кезінде әзербайжан Қарулы Күштері 31 әскери қызметшісінен айырылды деді. 13 сәуірде Арменияның Қорғаныс министрлігі армян тарапынан барлығы 77 адам (64 әскери қызметкер, сондай-ақ 13 ерікті мен резервші) қайтыс болғанын, біреуі хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Кейінірек жоғалған капитан Аргишти Габоянның қайтыс болғаны анықталды. Жауынгерлік іс-қимыл барысында армян тарапынан жалпы шығын 78 адамды құрады. Кейінгі шиеленіс 2020 жылы болды. Таулы Қарабахтағы «алты апталық соғыс» 27 қыркүйекте басталып, 10 қарашада аяқталды. Соңы үш жақты (Армения, Әзербайжан және Ресей) келісімге қол қоюмен аяқталды. Нәтижесінде Әзербайжанға Қарабақтың айналасындағы аудандар мен Шуша қаласы қайтарылды. Армения премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, осы кезеңде шамамен 3 773 армян әскері қаза тауып, 243 адам хабар-ошарсыз кеткен. Таулы Қарабақтың Қорғаныс министрлігі 2 808 қаза тапқан сарбаздың аты жазылған тізімдерді жариялады. Қарабах билігінің мәліметіне сәйкес бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандардың саны – 50,  163 адам жараланған. Әзербайжан билігі 2 906 әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы мәлімдеді. 8-і хабар-ошарсыз кетті. Әзірбайжан Бас прокуратурасының мәліметінше, 30 қарашаға дейін кем дегенде 93 бейбіт тұрғын атыс салдарынан қаза тапты, мина жарылыстарынан 5 адам қаза тауып, 414 адам жараланған.

Екі елге келген шығын

2020 жылы Арменияның жеңілісі және әскери қызметкерлер арасындағы үлкен шығын елдегі әлеуметтік-саяси дағдарысты тудырды. Халық премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін жаппай талап еткен наразылықтар басталды. Сонымен бірге соғыс Армения мен экономикалық проблемаларды тудырды. Республика экономикасы әрқашан сырттан көмекке тәуелді болды. Ал соғысқа байланысты қаржылық проблемалар экономиканың әртүрлі салаларындағы жағдайды одан әрі ушықтырды. Әзірбайжан Қарулы Күштерінің олжасы ретінде жойылған немесе алынған Арменияның әскери техникасының құны 33,8 млрд долларды құрайды. Соңғы он жылда Арменияның қорғанысқа жыл сайынғы шығындары екі есеге артып, 716 млн долларға жеткен. Армения – әлемде ЖІӨ-дегі әскери шығындары жоғары ел. 2019 жылы бұл көрсеткіш 5%-ға жетті, бұл Ресей мен АҚШ-қа қарағанда көп. Бірақ үлкен әскери шығындарға қарамастан, Армения соғыста жеңіліс тауып, қаржылық шығынға батты. Екінші Қарабақ соғысындағы Армения әскери техникасының құны соңғы он жылда жұмсалған әскери шығындардың 77%-ын құрады. Соғыс Арменияның қаржы секторына да айтарлықтай әсер етті. Шығындардың өсуіне байланысты бюджет құлдырады. 2020 жылдың қазан айында 2020 жылға арналған мемлекеттік бюджетке түзетулер енгізіліп, шамамен 85 миллион долларға ұлғайтылды. Нәтижесінде бюджет шығыстары ЖІӨ-нің 27%-на жетті, ал бюджет тапшылығы бастапқы болжамнан шамамен үш есе өсті. Зардап шеккен аймақтарда айтарлықтай гуманитарлық дағдарыс туындады. Жерінен айырылған адамдар босып кетуге мәжбүр болды. Одан бөлек кәсіпорындар қирады. Бұл Арменияның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне және оның ресурстарына ауыр соққы. Қақтығыс сауда маршруттарының тоқтауына, ал ол экспорттың қысқаруына әкелді. Әсіресе елдегі ең ірі валюта көздерінің бірі Тау-кен секторында. Әзербайжан 2020 жылдың қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың қарашасында атысты тоқтату туралы келісіммен аяқталған Екінші Қарабақ соғысы Әзербайжан экономикасына да айтарлықтай әсер етті.
  • Соғыс зардап шеккен аймақтардағы инфрақұрылымға, тұрғын үйге және бизнеске айтарлықтай зиян келтірді. Бұл құрылымдарды қалпына келтіру және жөндеу құны шамамен 10 миллиард долларға бағаланды. Бұл Әзербайжанның экономикасына ауыртпалық түсірді.
  • Әзербайжан мұнай мен газ экспортына қатты тәуелді, ал COVID-19 пандемиясы мен соғысқа байланысты әлемдік мұнай бағасының төмендеуі ел экономикасына айтарлықтай әсер етті. Елдің мұнай сатудан түскен кірісі 2020 жылы шамамен 30%-ға төмендеп, экономикасын одан әрі құлдыратты.
  • Ел қақтығыс кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу үшін әскери шығындарын көбейтуге мәжбүр болды. Бұл бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру құнымен бірге ел бюджетіне де ауыртпашылық түсірді.
  • Соғыс аяқталғаннан кейін Әзербайжанның бұрын Армения бұғаттаған бірнеше стратегиялық автомобиль жолдары мен теміржолдары қатаң бақылауға алынды.
  • Кейінгі жылдары Әзербайжан өз экономикасын әртараптандыру және мұнай экспортына тәуелділікті азайту бойынша жұмыс жүргізуде. Соғыс елдің ұзақ мерзімді экономикалық өсу мен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, туризм және технология сияқты жаңа секторларды дамыту қажеттілігін айқындап берді.