Жаңалықтар

Хатайдағы жер қыртысының жарылған жерінен видео жарияланды

ашық дереккөзі

Хатайдағы жер қыртысының жарылған жерінен видео жарияланды

Желіде Түркиядағы жер сілкінісінен кейін Хатайдағы жер қыртысы жарылысының биіктіктен түсірілген видеосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. Видео Алтынезю қаласынан алыс емес жерде түсірілген. Жер сілкінісі салдарынан зәйтүн тоғайы бірнеше бөлікке бөлініп кеткен. Тектоникалық жарылыстың тереңдігі – 30 метр шамасында, ені – 200 метр. Жарылған жердің ұзындығы – 200 шақырымға жуық. Соңғы мәліметке сүйенсек, жер сілкінісінен Сирияда 8,5 мың, Түркияда 40 642 адам қаза тапқан.