«Екі адам ауруханаға түсті»: Петропавлда жол апаты болды

«Екі адам ауруханаға түсті»: Петропавлда жол апаты болды

«Екі адам ауруханаға түсті»: Петропавлда жол апаты болды
ашық дереккөзі
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 64 және 60 жастағы адамдар ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz. 18 ақпан күні Батыр Баян көшесінде ВАЗ-21074 және BMW автомашиналары соқтығысқан. ВАЗ автомашинасы  жарық бағанына барып тірелген.
«ЖКО салдарынан 64 жастағы жүргізуші және 60 жастағы ВАЗ автокөлігіндегі жолаушы зардап шекті. Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді», - делінген хабарламада.
ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Жиналған материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл қаласы ПБ-ның әкімшілік полиция бөліміне берілді.