Еліміздің шетелдегі 56 млн доллар активі бұғатталды
Еліміздің шетелдегі 56 млн доллар активі бұғатталды
Еліміздің шетелдегі 56 миллион доллар активіне тыйым салынған. Бұл туралы Бас прокуратураның алқа отырысында бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Төртінші жоба шетелдегі активтерді іздестіру мен қайтару процесін түбегейлі жетілдіре алады. Кез келген ел үшін бұл өзекті мәселе. Мұнда шығындар миллиардтаған доллармен есептеледі. Бұл жағдайда бізге БҰҰ сарапшылары мен Литваның, АҚШ-тың, Израильдің және Ұлыбританияның Дүниежүзілік банкі көмектеседі. Біз сарапшылармен 186 тергеуші мен прокурорды елімізге активтерді қайтару мен тыйым салу жайлы оқыттық. Жалпы, бүгінде шетелде Қазақстанның 56 миллион доллар активіне тыйым салынды", – деді Бас прокурордың орынбасары.