Жаңалықтар

«AMANAT»: Түркістан облысында сайлауалды қоғамдық қабылдау өтті

ашық дереккөзі

«AMANAT»: Түркістан облысында сайлауалды қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін «AMANAT» партиясының Түркістан облысындағы қоғамдық қабылдау бөлмесі ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарымен бірлесіп, Түркістан қаласындағы «Қуаныш» орталық базарында шаһар тұрғындарымен кездесті.

Атап өтсек, тұрғындарды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Ерлан Әбдиев, Әбдібақыт Мақұлбаев, Шырынбек Оңғаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Шолпан Маратқызы және Түркістан қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Айгүл Тілепова қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға 73 азамат келіп, тұрғын үй және жер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, несие, әлеуметтік, кәсіпкерлік және денсаулық мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.

19 ақпанда басталған мұндай кездесулер әр сенбі сайын халық көп шоғырланған "Қуаныш" базарында 11 наурызға дейін жалғасады.

Жалпы, 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай, «AMANAT» партиясының өңірдегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелері халықты ұсыныстары мен тілектері бойынша қабылдап жатыр. Тиісінше, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне қазіргі уақытқа дейін облыс бойынша тұрғындар тарапынан 1069 ұсыныс-тілек келіп түскен.

Айта кетсек, Республика бойынша «AMANAT» партиясының 238 қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрғындар үшін жұмыс атқарады. Сұрақтар болған жағдайда, партияның 8-800-080-44-41 жедел байланыс нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз!                                                                                                     

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.