Болгарияда иесіз тұрған көліктен 18 адам өлі табылды

Болгарияда иесіз тұрған көліктен 18 адам өлі табылды

Болгарияда иесіз тұрған көліктен 18 адам өлі табылды
ашық дереккөзі
Болгариядағы София маңында иесіз тұрған жүк көлігінен 18 босқынның мәйіті табылды. Олар ауғанстандық болуы мүмкін екені айтылды деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Жүк көлігінде үйілген отынның артына тығылған 52 босқын болған. Полиция мәліметінше, 18 адам табылғанға дейін 10-12 сағат бұрын қайтыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар тұншығып өлген. Аман қалған 34 адам ауруханаға жатқызылды. Олар тоңған және бірнеше күн тамақ ішпеген көрінеді. Кейбір мәліметке қарағанда, қаза тапқандар арасында 6-7 жастағы бала болса, кей дереккөзі құрбан болғандардың ең кішісі жасөспірім болғанын жазады. Босқындарды тасымалдаған контрабандашылар қашып кеткен. Полиция Болгарияның төрт азаматын ұстады.