Петропавлда жатақханада өрт шығып, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Петропавлда жатақханада өрт шығып, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Петропавлда жатақханада өрт шығып, 100-ден астам адам эвакуацияланды
ашық дереккөзі

Петропавлда секциялық типтегі жатақханада өрт шығып, құтқарушылар 107 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 13-і – бала деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Өрт бес қабатты үйдің екінші қабатындағы бөлмеде шыққан. Өрт аумағы – 20 шаршы метр.

"Оқиға орнында 41 адам жұмыс істеді, 13 техника жұмылдырылды. 107 адам эвакуацияланды, оның ішінде 13-і – бала. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, ғимараттың бірінші қабатында барбершоп, мейрамхана және банк филиалы орналасқан.