Астаналық ұрылар Малайзиядағы есепшоттардан 5 млн теңге жымқырды

Астаналық ұрылар Малайзиядағы есепшоттардан 5 млн теңге жымқырды

Астаналық ұрылар Малайзиядағы есепшоттардан 5 млн теңге жымқырды
ашық дереккөзі

Астана қалалық ішкі істер басқармасы Малайзия азаматтарының шоттарынан POS-терминал арқылы ірі көлемде қаржы жымқырған еткен үш Астана тұрғынына қатысты қылмыстық істің өндірісін тоқтатты. Бұл туралы Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Қылмыстық әрекеттердің салдарынан келтірілген шығын 5 млн теңгеден асты. 2016 жылдың 21 желтоқсанында қылмыстық іс қарау үшін Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотына жолданды»,- делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға шақыруда. Жалған СМС-хабарламалар тарату арқылы қаржы жымқыру әрекеттері 10 жыл бұрын пайда болған болса, бүгінде мұндай тәсілдер саны өте көп. Алаяқтар Қазақстан банктерінің клиенттері болып табылатын азаматтардың қаржыларын қолды етіп қана қоймай, жаңа технологияларды қолдана отырып, шетелдік банктердің есептерінен де ақша ұрлайды.